Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының Назарбаев төрағалық ететін басқармасын таратып жіберді
Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорындағы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін басқарманы таратып жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорды басқару жөніндегі кеңесті тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы заңға қол қойғаны жеткізілді.
"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы заңында 6-1-бап ("Қорды басқару жөніндегі кеңес") алынып тасталды", - делінген "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қорды басқару жөніндегі кеңес – Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіретін консультативтік-кеңесші орган.
Еске салсақ, Назарбаевты қорғау ұлттық қауіпсіздік комитетінің міндетінен алынатынын хабарлаған едік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған