Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуін түрлі образда қарсы алатын блогер келіншек жан сырын ақтарды

Отандық танымал блогер жұп Сыдықов Бекжан мен Руфина Ерболқызының отбасы әлеуметтік желіде жақсы таныс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Руфинаның контентінің бағыты – отбасылық өмір. Күйеуінің көңілін табу үшін бар өнерін салып жүрген декреттегі келіншек. 

“Отбасымыз өте қарапайым. Орал қаласында, ата-енеден бөлек тұрамыз. Күйеуімге әзілдеп “Панда” деп ат қойғанмын. Бекжан – шоумен. Той мен сауық кештерін жүргізеді. Күйеуімнің контентін қолдау мақсатында түсірген видеом әлемді шарлап кетіпті. Күйеуімді түрлі образда қарсы алу – өзімнің идеям. Бірде Су перісі болып, екінші күні “Тролли” мультфильміндегі “Роза” болып қарсы алдым. Оның шынайы эмоциясын көру – бақыт”, – дейді блогер келіншек. 

Бүгінгі таңда жас отбасы Азат пен Аршат есімді қос ұлды тәрбиелеп отыр. 

“Күйеуім – КТК ойыншысы. Әзілге жақын. Жұмыстан келгенде мені және балаларын көріп шаршағаны басылады. Тіпті “бүгін қандай образда күтіп алады екен?!” деп үйге асығатын жиі айтып жүр. Маған ол шабыт береді”, – дейді Руфина.

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, видеоларын жалғастыра беруін айтып жатыр. Бір оқырман жігіт: “Руфина бүгін не киіп шығады екен?!  деп ойлап қоямын деп жазып, елді күлдіртті. 

Талқылау