Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адвокат азаматтық некеде тұрудың кемшіліктерін айтып берді

Қазақстандық адвокат азаматтық некеде тұрудың кемшіліктерін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Shutterstock.com

Оның айтуынша, бірге тұрған адаммен ортақ қаражатқа сатып алынған мүлік кімнің атына тіркелсе, сол адам иелігінде қалады.Бірге тұрған кезеңде сатып алынған пәтер, көлік немесе басқа барлық мүлік тіркелген адамның меншігі болады. Екінші жартысының атына сатып алынған пәтерге сіз қанша ақша қоссаңыз да, сіз пәтерге иелік ете алмайсыз.

“Егер екінші жартысы кенеттен көз жұмып, сізді өсиетте айтпаса, сіз мұрагер бола алмайсыз. Мұрагер болу үшін қайтыс болғанға дейін кем дегенде бір жыл бірге тұрғаныңызды дәлелдеуіңіз керек. Араңызда бала туылса, оның ата-ананың бірі екенін тек келісіммен немесе сот арқылы ғана дәлелдей аласыз. Сіз өзіңізге алимент талап ете алмайсыз, алиментті бір-бірінен тек заңды ерлі-зайыптылар не бұрынғы ерлі-зайыптылар талап ете алады. Ол үшін екі тараптың бірі мүгедек болса; жүктілік кезінде және бала туғаннан кейін 3 жыл; немесе туған бала мүгедек болса”, – дейді ол. 

Оның сөзінше, егер сіз некені ресми түрде тіркегіңіз келмесе, онда мүлікті үлестік меншікке сатып алған жөн.

“Тек осы жағдайда ғана сіз мүлікке ие бола аласыз. Пәтерді үлестік меншікке сатып алғандар бір-біріне өсиет жасайды, егер екі жақтың бірі қайтыс болса, пәтер алыс туыстарына емес, аман қалған адамға беріледі. Сонымен қатар, мұрагерлікте пәтерден басқа мүлікті бергіңіз келмесе, оларды басқаларға бере аласыз", - дейді адвокат.

Талқылау