"Ирина Кайратовна" тобындағы мобилографтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
"Ирина Кайратовна" тобының мобилографы Шахназ Жылқайдаровтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жас жігіттің өліміне қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Мобилографтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда қажетті тергеу әрекеттері өтіп жатыр, сараптамалар әлі дайын емес. Аталған дерек бойынша "адам өлімі" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ елорда полициясы сотқа дейінгі тергеу ісіне қатысты және өзге де деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға рұқсат етілмегенін айтты.
Қазан айының басында Астанада "Ирина Кайратовна" тобының концерті кезінде топтың мобилографы Шахназ Жылқайдаров сахнада құлап, қайтыс болған еді.
Аталған топтың концерті кейінге шегеріліп, концерт өтпей қалған еді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ