"Ирина Кайратовна" тобының мобилографы неден мерт болуы мүмкін екені айтылды
Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы “Ирина Кайратовна” тобының 21 жастағы мобилографы өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мобилографтың өліміне не себеп болғаны айтылды.
“14 қазанда Жылқайдаров Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін сот сараптамалары институтына жеткізілді. Өлімге өткір геморрагиялық панкреонекроз себеп болуы мүмкін. Яғни панкреатиттен асқынған ұйқы безі ауруы", – деп мәлімдеді әкімдік.
Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу деректері екі аптаға дейін жүргізіледі.
"Ирина Кайратовна" тобының мобилографы сенбіде Астанадағы концерт кезінде кенеттен мерт болды. Жігіт концерт басталғанға дейін кенеттен есінен танып қалған.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған