Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әуежайын БАӘ компаниясы басқармақ

Астана әуе айлағын басқаруды енді Біріккен Араб Әмірлігінің компаниясы қолға алады. БАӘ Terminals Holding компаниясы Астана әуежайын мультимодальды хаб ретінде дамытпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, инвестормен келісімге премьер-пинистр Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында қол қойылған.

“Инвестор елорда әуежайының қызметіне жан-жақты баға беріп, кейіннен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын және жалпы әуе айлағының тиімділігін арттыру бойынша жедел басқаруды өз қолына алады”, – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ инвестордың негізгі міндеті ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға және оны одан әрі жаңғыртуға дайындау екені атап өтілді. Дегенмен, дайындық жұмыстары мен елорданың құрылыс маусымының қысқалығын ескере отырып, жерүсті инфрақұрылымын қайта жаңғырту жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарлануда.

“Сонымен қатар мемлекет пен жеке компаниялардың мүдделерінің теңгерімін ескере отырып, әуежайды дамытудың ұзақ мерзімді бизнес жоспары әзірленеді. Бұл болашақ инвестицияларға негіз болады”, –  делінген министрлер мәлімдемесінде.

Талқылау