Алматының жеке мектебінде оқушыларға берілген "ФудМастер" компаниясының йогурттары көгеріп кеткен
Алматы қаласының NGS жекеменшік мектебінде тамаққа байланысты жанжал туындады. Балаларға берілетін "ФудМастер" компаниясының йогурттары көгеріп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мектеп әкімшілігі наразы ата-аналарға йогурттардың жарамдылық мерзімі әлі өтпегенін және қоймадағы сақтау шарттары барлық талаптарға сәйкес келетінін мәлімдеді.
Тексеру нәтижесінде өнім қаптаманың тігісіне түсіп, йогурт ағып кеткен деген қорытындыға келді. Өндіруші компания қызметкерлерді жоспардан тыс оқытуға және орау машиналарын қосымша тексеруге уәде берді.
Йогурттың көгеріп кету себептерінің бірі – NGS мектебіне жеткізілгенге дейін тасымалдау және сақтау кезінде температура режимінің сақталмауы.
Компания сапасыз өнімді жеткізгені үшін мектептен ресми түрде кешірім сұрады.
Айта кетейік, "ФудМастер” компаниясы сүт өнімдерінің ірі әлемдік өндірушісі "Lactalis" компаниялар тобына кіреді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды