Таразда сабаққа барғысы келмеген 8-сынып оқушысы мектепке жарылғыш зат қойғанын айтып бопсалаған
Таразда сабаққа барғысы келмеген 8-сынып оқушысы “мектепке жарылғыш зат қойдым” деп, жауапты мамандардан 10 миллион теңге ақша сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет сюжеттен скринделген
Жарылыс туралы хабарламаны оқушы білім басқармасының телеграм бот желісіне жолдаған.
Бұл хабарламадан соң саперлер мектеп ішін түгел тінтіп шыққан. Бірақ ғимараттан ешқандай қауіпті жарылғыш затты таппаған.
Оқиға түнде болғандықтан ешкімді эвакуациялаудың қажеті туындамаған.
Кейін жарылғыш зат қойдым деп ол үшін 10 миллион теңге бопсалаған баланың сегізінші сынып оқушысы екені анықталды. Кәмелет жасына жетпеген оқушының әрекеті үшін енді ата-анасы жауапқа тартылуы мүмкін.
Қолданыстағы заңда мұндай әрекетке әбігерден келген шығын өтеліп, қылмыстық іс қозғалып, әкесін бас бостандығынан айыру да көзделген.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"