Алматыда депутат тұратын пәтердің алдына өрт қойған азамат ұсталды
Алматыда депутат Бақытжан Базарбектің баласы жататын бесік арбаны өрттеп жіберген ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ, Бақытжан Базарбек пәтерінің алдында тұрған балалар арбасын біреу өртеп кеткенін айтқан еді.
"Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоққыға ұқсайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесің!" - деп жазды депутат.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен