TV+-тегі кезекті сериал: "Қазақтелеком" өз тұтынушыларына жаңа тосын сый дайындауда
"Қазақтелеком" барша қазақстандықтарға жаңа тосын сый дайындауда. Осы апта кино десе ішкен асын жерге қоятын TV+ қолданушылары Salem social media компаниясының QARGA сериалын бағалай алады. Компания тұтынушыларының қызығушылығын зерттей отырып, керемет туындыларды ұсынуға кірісіп кетті. Осы жолғы кезекті жоба "ШОБ" телехикаясын ұсынды.
10 сериялық "Шағын және орташа бургерлер" немесе "ШОБ" телехикаясы бургер дәмханасын ашып, жергілікті фаст-фуд нарығын жаулап алмақ болған үш достың өмірін баяндайды. TV+-тегі кезекті жобаның режиссері Евгений Паламарчук, сценарий авторы Арыстан Каунев.
"Қазақтелеком" АҚ бөлшек бизнес дивизионының бас директоры Игорь Погребицкий қазір "ШОБ" көрсетілімге шықса, алдағы уақытта одан бөлек тағы екі туындының тұсауы кесілетінін алға тартты.
"Қазақстандықтардың не қалайтынын бақылап, талдау жүргіздік. Нәтижесінде қарапайым көрерменнің де, нағыз киноман арасында да отандық немесе жергілікті контент өте танымал болып шықты. Адамдар біздің киноны көргісі келетініне тағы көзіміз жетті. Мұны әлеужелідегі көрерменнің сансыз пікірі мен шолуынан көруге болады. Демек, біз ешкімді бей-жай қалдырмайтын осындай ерекше оқиғаларға деген сұранысты орындаймыз. Қазір көрермен назарына ұсынатын бірқатар жобаны дайындап жатырмыз. Олардың да "Қара аула" мен "ШОБ" сияқты TV+ пайдаланушылары арасында танымал болатынына сенімдіміз”, - деп атап өтті бас директор.
Ал бұған дейін TV+ қолданушыларына ұсынылған 10- сериялық драма "Қара аула" туындысы Бішкектің қылмыстық ауданында тұратын төрт достың өмірін бейнелейді. Айналадағы қоғамның қатігездігін көріп, әділетсіздікке тап болған олар кедейліктен құтылу үшін түрлі әрекеттерге барады. Ойнап жүріп от басқандардың бірі тіпті ажал құшады.
Бұл сериал TV+ платформасында 2021 жылы көктемде іске қосқан сәттен бергі бейнеконтент көрсетілімі бойынша ең жоғары көрсеткіш көрсеткен. Атап айтқанда TV+ платформасында болған бір жарым ай ішінде "Қара аула" көрсетілім жағынан ең үздік контенттің шыңын көрсетті. Осы уақыт ішінде телехикаяны 120 мыңнан астам қолданушы көріп, 2,2 миллион рет шерткен.
Бас директоры Игорь Погребицкий "Қара ауланы" түсіріп, оны жарнамалауға "Қазақтелеком" мен Salem social media белсене ат салысқанын алға тартты. Ал "ШОБ" хикаясы аудиторияның осындай тақырыпқа деген қызығушылығын зерттеуге көбірек бағытталған екен.
“Жанр ерекшелігі мен сюжеттің біртіндеп дамуын ескере отырып, компания жобаны бірнеше бөлікке бөлмей, көрермен назарына бірден 10 серияны ұсынуды жөн көрді. Сонымен қатар, біз 31 тамызды тағатсыздана күтіп отырмыз. Өйткені қазақстандықтарды Salem social media жаңа сериалымен ғана емес, біздің қосымшамыздағы "SALEM" жеке қойындысымен қуантпақпыз. Бұл бөлімде пайдаланушылар жаңа жобалардан өзге көрермен көзайымына айналып үлгерген "5:32", "Сержан братан", "Ойыншы" сериалдарын тамашалай алады, - деп қосты Игорь Погребицкий.
Көрсетілім басталған сәттен бастап небәрі 3 күн ішінде "ШОБ" сериалын "КЗ-да жасалған" кинотеатрын қосқан көрерменнің жалпы санының 18% көріп шыққан. Бұл "Аула Ханшайымы" отбасылық комедиясы мен хитке айналған "Қара аула" телехикаясынан кейін үшінші орынға шығуға мүмкіндік берді.
"Қазақтелеком" мамандары мен TV+ кураторлары және туынды авторлары одан бөлек, алда көрсетілетін "Qarga" және "Шеше" отбасылық-драмалық сериалдарының тұсаукесерінің өз көрерменін тауып, сөзсіз танымал болатынына сенімді.
"Qarga" сериалы балалар үйінен түлеп ұшқан жетімдердің қоғам қатігездігін көріп, әділетсіздікке тап болғанын баяндайды. Олардың тағдыр тауқіметі қылмыстық өмір мен шытырман оқиғаға толы.
Бұл фильмдер маңызды әлеуметтік мәселелерді басқа қырынан көрсетіп, күнделікті күйбең тірлікте мән бермейтін заттар туралы ойландырады. "Қазақтелеком" компаниясы осындай туындылармен көрермендердің сұранысын қанағаттандырып, керемет әсерлер сыйлауды жалғастыруда.