Оралда бес ер адам күзетшіге шабуыл жасап, кәсіпорыннан сейфті ұрлап кеткен
Оралда белгісіз бес ер адам кәсіпорындағы сейф пен сыртта тұрған көлікті ұрлаған. Сейф ішінде 30 мың теңге болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 тамызға қараған түні белгісіз біреулер кәсіпорынды тонап кеткен. Олар 59 жастағы күзетшіге шабуыл жасап, 30 000 теңгесі бар темір сейфті ұрлап, компанияның көлігін айдап кеткен.
“Олар аулада тұрған Ларгуспен оқиға орнынан кетіп қалған. Көлік пен сейф қала көшелерінің бірінен табылды. Сейф ашылып, ішінен ақша ұрланған", – деді полиция.
Анықталғандай бес қала тұрғыны ұсталды. Олардың бұрын сотталғаны анықталды. Қазір тергеуге алынған.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған