Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауырып, уақытша еңбекке жарамсыз болған азаматтарға берілетін төлемақы өседі

Қазақстанда бұдан былай ауырып, уақытша еңбекке жарамсыз болған азаматтарға берілетін төлемақы өседі. Оның көлемі 1 шілдеден бастап өзгеріп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Денсаулығына байланысты жұмысқа шыға алмай қалған қызметкер дәрігерлерден уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы қағаз алуы керек.

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші өз қызметкеріне еңбекке жарамсыздығына байланысты әлеуметтік жәрдемақы төлейді. Бұл төлем қызметкердің соңғы 12 айдағы бір күндік орташа жалақысы мен еңбекке жарамсыз күндерін есепке алып бөлінеді. Бірақ әлеуметтік жәрдемақының шекті мөлшері бар.

Бұған дейін 51 750 теңге болса қазір 86 250 теңгені құрайды. Мәселен қызметкердің еңбекақысы 200 мың теңгені құраса, 5 күндік жұмыс аптасы кезінде оның бір күндік еңбекақысы 9700 теңгеге жетеді. Яғни, 9 жұмыс күніне төлемақы ала алады.

Талқылау