Теміртауда көпқабатты үйде өрт шығып, екі адам қаза тапты
Теміртауда көпқабатты үйлердің бірінде өрт болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы 9 қабатты үйдің 2-ші қабатындағы пәтерлердің бірінде ауданы 5 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздар өртенген.
“Өрт сөндірушілердің күшімен 1991 жылғы пәтер иесі және оның 2015 жылғы жиені жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Өкініштісі, реанимациялық шаралар зардап шеккендерге көмектеспеді. Ер адам мен қыз бала қаза тапты”, – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Өрт болған ғимараттан 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланған.
Министрлік мәліметінше, өрт сағат 20:33-те толығымен сөндірілді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”