Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда “Шаңырақ” отбасы үлгісіндегі балалар үйінде тәрбиеленуші мекемеде әділдік орнатуын сұрады

Атырауда “Шаңырақ” отбасы үлгісіндегі балалар үйінде Нұрдәулет есімді бала көзіне жас алып, қиындықтары туралы айтып жатқан видеосы тарады. Мұнда ол тәртіптің жоғын айтып, әділдік орнатуын сұраған. Кейін ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева осы мекемеге арнайы барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Нұрдаулет бұл мекемеде өзіне қарсы көптеген келеңсіздіктер орын алғанын айтады. Мұнда оған “сенен ештеңе шықпайды”, деп көңілін түсіретін көрінеді. Тіпті “анаң жезөкше” деп те талай жаман сөздер айтқан екен. Жасөспірім мекемеде әлімжеттіктің бар екенін айтып, әділеттілік орнауын талап етті.

Осы жайттан кейін балалар үйі директорының міндетін атқарушы Тамара Есентұрова Нұрдәулеттің қайда және қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын көрсететін видео түсіріп жариялады. 

Осы жайттан соң ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиеваның Атырауға болған оқиғаның барлығы туралы білуі үшін арнайы келді. Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жазба жариялап, осы оқиғадан кейін қандай шара қолданылатынын айтты.

"Динара Зәкиевамен бірге "Шаңырақ" отбасы үлгісіндегі балалар ауылында болдым.  Сіздермен бір жаңалықпен бөліскім келеді. Балалар үйіндегі соңғы оқиғаларды ескере отырып, бейнебақылау жүйесі күшейтіліп, камералар тікелей білім бөліміне қосылады. Қазіргі таңда "Шаңырақ" отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры лауазымына конкурс жарияланды. Осы байқауға қатысуға педагогика саласында тәжірибесі мол, білімі мол мамандарды шақырамын. "Шаңырақтың" өз баспасөз қызметі болатынын да атап өткім келеді. Балалар үйінде орын алған жағдайлар бұрын осы ұжымда жұмыс істеген қызметкер мен бұрынғы басшының арасындағы келіспеушіліктен туындаған.  Соның салдарынан балалар зардап шегуде деп есептеймін", - деді Жасұлан Бисембиев.

Талқылау