Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолалық кәсіпорын бүкіл Қазақстанды ұнмен қамтып отыр

Астық бизнесі – ел экономикасында маңызды рөл атқаратын ауыл шаруашылығының негізгі саласы. Сондықтан тиімді жұмыс жүргізген жағдайда дәнді дақылдар бір емес, бірнеше елді маңызды өніммен қамтамасыз ете алатын әлеуетке ие. Сөзімізге дәлел, еліміздегі астық саласындағы ірі өндіріс орындарының бірі – "Вилмир" ЖШС. Бүгінде өндіріс алыс-жақын шетелдерге ұн, дәнді және майлы дақылдарды экспорттап, Қытай, Ауғанстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерімен серіктестік орнатқан, онда қазақстандық өнімдер сұранысқа ие. Компанияның астық секторын дамытуға қосқан үлесі үшін Jusan Bank бірқатар мүмкіндік ұсыныпты. 

Компаниялар тобының меншігіне Ақмола облысының аумағында орналасқан үш элеватор –  "Ирченко Элеватор" ЖШС," Төңкеріс" ХПП ЖШС, "Жасылское ХПП" ЖШС кіреді. 

Барлық элеватор дәнді дақылдарды қабылдау, жөнелту, өңдеу және кептіру бойынша заманауи еуропалық жабдықтармен жабдықталған. Компанияның дәнді және майлы дақылдарды біржолғы сақтауға арналған сыйымдылығы 200 000 тоннаға жетеді.  

Компания қызметкері Владимир Стороженконың сөзінше, өндіріс орнының ескі астық қоймасы өткен ғасырдың 50-жылдарында, тың жерлерді игеру кезінде салынған. Бірақ ешқашан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан 2011 жылы өндіріс орнында ескі қоймалар жаңартылып, жаңалары салыныпты. 

“ХПП Төңкерісте” 80-нен астам қызметкер жұмыс істейді. Жалпы сыйымдылығы 57 мың тонна болатын астық қоймасы бар. Өндіріс айына 5000 тоннадан астам ұнды Астана және Ақмола облысы, сондай-ақ тиісті елдерге жөнелтеді. Біз кәсіпорынның темір жолдардың жанында стратегиялық тиімді орналасуын және оның даму перспективаларын бағаладық. Қазіргі уақытта "Төңкеріс" ХПП дәнді дақылдарды қабылдайды, кептіреді, тазартады, сақтайды және жөнелтеді. Бұдан бөлек, ұн мен кебекті шығарады”, – дейді ол. 

Сондай-ақ ХПП "Төңкерістен" шығатын бидай, арпа, зығыр және ұн біздің елімізде ғана емес, Қытайда, Тәжікстанда, Ауғанстанда, Өзбекстанда да көптен бері жоғары сұранысқа ие. Сөзінше, компанияның алға жылжуына Jusan Bank ұсынған тиімді ұсыныстар септігін тигізген. 

“Jusan Bank-пен біз 2021 жылдан бастап жұмыс істей бастадық. Біздің компания сатылымды, экспортты және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін айтарлықтай арттырды. Біз жұмсақ бидайды тазалап, сол бидайдан ұн өндіреміз. Қазіргі таңда астықтың барлық түріне сараптама жасаймыз. Бірегей Infratec аппараты ылғал мен глютен береді, бұл біз үшін ең негізгі нәрсе. Мұның бәрі бір қоймаға бөлек салынады. Себебі дән біртекті болуы керек”, – дейді Владимир Стороженко. 

Оның айтуынша, канадалық, америкалық бидаймен салыстырғанда біздің бидай экологиялық таза. 

“Нарықта алыс-жақын елдер, атап айтсақ Ауғанстан, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан өнімдері өте көп. Біз ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру бағдарламасы бойынша арзандатылған ұн сатамыз. Яғни мемлекет бізге бидай береді. Одан ұн жасап, сосын сатамыз. Тағамдық құндылығы жағынан да, сапасы жағынан да австриялық, канададалық бидайдан асып түседі. Бүгінде Қытай қазақстандық астықты сатып алуға мүдделі”, – дейді ол. 

Стороженконың сөзінше, 2011 жылы индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Ақмола облысының Шортанды ауданында ескі астық қоймасын ауқымды жаңғырту және оның негізінде Silos Cordoba (Испания) маркалы заманауи элеваторды тұрғызу жұмыстары басталған болатын. 

“Silos cordoba” испаниялық жабдығы Қазақстанның ауа райына, қарлы мезгіліне бейімделген. Диірмен кешеніне білікті мамандар жауапты. Мұнда барлығы компьютерлендірілген және автоматтандырылған. Бізде Астанаға ұнды өте жылдам жеткізетін 21 жүк көлігі бар”, – дейді Стороженко. 

Сондай-ақ компания басшысы халық көшіп-қонып жатқан ауылдарда жаңа жұмыс орындары ашылып жатқанын айтты. Осы ретте өзге де астық өнімдерін шығару жоспарда бар.

“Бүгінде басқа да дақылдарды өндіруді қолға алмақпыз. Өйткені “бір орында тұрып қалуға болмайды” деп айтар едім. Қазақстан экономикасының, агроөнеркәсіптің өркендеуіне септігін тигізуде. Өндірілетін өнімнің сапасына көп көңіл бөлінеді. Қазақстанымыздың абыройын асқақтатуға тырысамыз”, – дейді ол. 

Сөз соңында компания өкілі бизнесті дамыту үшін Jusan Bank-тың зор үлес қосқанын айтып, алғысын білдірді. 

“Біз “Jusan Bank-пен жұмыс істегенімізге өте қуаныштымыз және болашақта әрі қарай да бірге дамимыз деп үміттенеміз.

Jusan Bank-пен ынтымақтастықты, олардың кәсібилігін жоғары бағалаймыз. Алға қойған жоспарларымызды Jusan Bank-пен бірге орындасақ деген ниеттеміз”, – дейді компания өкілі. 

Айта кетсек, бүгінде Jusan Bank үш жылда ШОБ секторын 1 трлн теңгеге қаржыландырған. Соның арқасында еліміз бойынша 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу мүмкін болып отыр. 

Талқылау