Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат әлемдегі ең алып ұшақтың ұшқышы атанған

Алматыда азаматтық авиация академиясын бітірген 29 жастағы қазақстандық Біржан Талғатбекұлы әлемдегі ең үлкен Airbus 380 әуе кемесінің екінші ұшқышы атанған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Біржан бұл мамандықты әке жолын қуып таңдаған. Әкесі Талғатбек Кәмісханұлы да, осы саланың майталманы болған. Қазір зейнетте.  Біржан отандық әуе компанияда 7 жыл еңбек еткен. Кейін 2019 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне құжат тапсырып, шақырту алған. Тіпті үш күн сынақтан өткеннен соң, бірден жұмысқа қабылданған. 

Азамат болашақта командир болуды мақсат еткенін жасырмады.

“Қазақстанда жинаған тәжірибем бұл жақта өте маңызды болды. Сөйлесуге барған кезде  өзімде әртүрлі тәжірибернің бар екенін айттым. Тауда да, тас да, ыстық пен суықта да ұшуда тәжірибе жинағанымды жеткіздім. Мұным қатты ұнаса керек оларға. Мен сәтті өттім. Әр ұшқыштың арманы – командир болу. Өзімде де сондай арман бар. Алла қаласа, екі-үш жылда командир боламын деп үміттенемін”,- деді Біржан.

Талқылау