"Қараусыз қалған": Қарағандыда жалаңаш жүрген баланы тұрғындар видеоға түсіріп алды
Қарағандыда тұрғындар балабақша ауласында жалаңаш жүрген баланы видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео авторының айтуынша, оқиға Майқұдықтағы 15-ші аудандағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Бейнежазбадағы бүлдіршін балабақша қызметкерлері келгенше өз бетімен балабақша аумағын аралап шыққан.
Бұл видео әлеуметтік желіде тарап, жұртшылықты әбігерге салды. Кейбір желі қолданушылары баланы көшеде ұмытып кеткен деп болжайды.
Бейнежазбаға қатысты Қарағанды қаласының білім басқармасы түсініктеме берді. Басқарма өкілдері оқиғаның Майқұдықтағы жекеменшік балабақшада болғанын растады.
"Қарағанды қаласының білім бөлімі "Ақ бала" жеке балабақшасында орын алған жағдай туралы бейнежазбамен танысты. Баланың қараусыз қалып, өз бетімен далаға шығуының себебін анықтау үшін 14 сәуірде балабақшадағы бейнебақылау камераларының жазбасы зерттеліп, тергеу жоспарлануда", – делінген қалалық білім бөлімінің мәлімдемесінде.
Сондай-ақ департамент балабақша әкімшілігіне қауіпсіздік шараларын күшейтіп, кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.
 
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
