Жетісу облысында 8-сынып оқушыларын жезөкшелікке салған әйел ұсталды
Жетісу облысында 8-сынып оқушыларын жезөкшелікке мәжбүрлеген жеңгетай ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде осындай мәліме келтірді.
"Жетісу облысында кәмелетке толмаған екі қызды тоғыз ай бойы алдау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 1993 жылы туған әйел анықталды. Жәбірленушілер 2008 жылы туған 8-сынып оқушылары", – деді Шұғыла Тұрлыбек.
Оның айтуынша, күдікті қыздардың қызметінен түскен табысты өзі иемденіп отырған.
"Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабы (кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) және 309-бабының 2-бөлігі (жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді министрлік өкілі.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"