Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СІМ қазақстандықтарды жақындарын іздеп Түркияға бармауға шақырды: Біздің құтқарушылар қазақстандықтарды іздеуге барған жоқ

ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды жақындарын іздеу үшін Түркияға бармауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, министрлікке Түркияда жүрген азаматтардың туыстары хабарласып жатыр. Олар байланыса алмаған жақындарын табу үшін бұл елге өз бетінше барғысы келеді. Алайда, Сыртқы істер министрлігі оның пайдасыз екенін ескертті, өйткені, арнайы біліктілігі жоқ адамдарды апат болған аумақтарға кіргізбейді.

"Біз өз жақындарын тезірек тапқысы келетін жандарды жақсы түсінеміз. Біздің құтқарушылар ол жерге қазақстандықтарды іздеуге барған жоқ - олар жалпы операцияға қатысуда. Кейбір азаматтарымыз іздеуге өз беттерімен барғысы келеді, бірақ бұлай істемеген жөн. Мамандар бұл мәселемен айналысып болғанша күтуіміз керек. Өз бетімен барғандарды қирау орындарына да жібермеуі мүмкін, өйткені оларда жоқ арнайы біліктілік жоқ", - деді Айбек Смадияров.

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Ақпан, 2023 18:51
Талқылау