Бес айлық сәбиін орындыққа қалдырып кеткен: Ақтөбелік комиссия баланы анасымен қалдыруды шешті
Ақтөбеде баласын орындықта қалдырған жас анаға қатаң ескерту жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Комиссияның шешімімен әйелге қатаң ескерту жасалды және егер ол бірнеше рет бұзылса, оны ата-ана құқығынан айыруы мүмкін", - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, 11 тамызда Ақтөбе қаласында мас келіншек бес айлық баласын даладағы орындықта қалдырып кетті.
Бір сағаттан кейін қайтып келген, бірақ нәресте ол жерде болмай шықты. Оны сол жерден өтіп бара жатқан әйел тауып, полицияға тапсырған. Оның айтуынша, мас келіншек сәбиді даладағы орындықта қалдырып кетті.
Шамамен, бір сағаттан кейін полицияға 25 жастағы келіншек хабарласып, баласының жоғалғанын айтты.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты