Қызылорда қаласында кәріз станциясында екі жұмысшы уланып көз жұмды
Қызылорда қаласында кәріз станциясында екі жұмысшы уланып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін, 15 қыркүйекте облыс орталығындағы Қыдыров және Нұрмақов көшелерінің бойында болған.
Бұл жөнінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 01.29 шамасында хабар келіп түскен.
"Оқиға орнына барғанда кәріз станциясында тереңдігі 2 метрге жуық шайынды судың толтырылғаны анықталды. Онда 1957 және 1968 жылғы азаматтардың белгісіз жағдайда газдан уланып, көз жұмғаны белгілі болды. "Қызылорда су жүйесі" мекемесінде жұмыс істейтін екі адамның жеке қорғаныс құралдары болмаған. Оқиға орнында жедел құтқару жасағынан 1 техника мен 5 құтқарушы барды. Мамандардың күшімен мәйіттер сыртқа шығарылған", – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"