Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Болған нәрсе болды, бояуы сіңді": Мәди Ахметов Тұңғыш Президент күні мерекесін алып тастауға дауыс берді

Ең жас мәжілісмен Мәди Ахметов тұңғыш президент күнін алып тастауға дауыс берген депутаттардың қатарында болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

7 қыркүйекте мәжіліс депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауды қарастыратын заң жобасын мақұлдады. Барлық 98 депутат бөл өзгерісті қолдады. Соның ішінде Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынған Мәди Ахметов те бар.

Ulysmedia.kz тілшісі депутаттан оның осы әрекеттері бұған дейін айтқан ұсынысына қайшы келмей ме деп сұрады.

"Біз қазір жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Болған нәрсе болды, бояуы сіңді. Енді әділ Қазақстан бағымымен жұмыс істейміз. Мен сізге тағы да айтамын, қаңтар оқиғаларына дейінгі Қазақстан мен қаңтар оқиғаларынан кейінгі Қазақстан салыстыруға келмейді. Біздің қағидамыз жеке тұлғаны ұлықтау емес, мемлекетшілдік болуға тиіс", - деп мәлімдеді ол.

Талқылау