Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында департамент басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пара

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"30 маусымда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаевқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарылды", - делінген хабарламада.

Антикор Таласбаевқа өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға тыйым салынғанын түсіндірді.

"Ол коммерциялық ұйым өкілдерінен 2020 жылы кепілдік берілген тауарды жеткізу бойынша аса ірі мөлшерде – келісілген 30 000 000 теңгенің 13 847 430 теңгесін пара ретінде алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2020 жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі-күзгі дала жұмыстарына және жалпы патронажға кепілдендірілген арзандатылған дизель отынын жеткізу операторы ретінде серіктестігін анықтауға жәрдемдескені үшін пара алған", - деп толықтырды ведомстводан.

Талқылау