Теміртаудағы жылу орталығында жұмысшы қаза тапты
Теміртау қаласында "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына қарасты жылу электр орталығында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

35 жастағы азамат 7-нші қазандықты жөндеу кезінде биіктен құлап кеткен. Қарағанды облыстық әкімдігінің ресми ақпаратына сүйенсек, ол- компанияға тиесілі серіктестіктің қызметкері. Бұл мекеме келісімшарт арқылы "Арселор Миттал Теміртау"- дың жылу қазандығының жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Еске салсақ, бірнеше күн бұрын компанияның металлургия комбинатында тағы 4 адам қаза тапқан болатын. Бір азамат ауруханада жатыр. Олар ыстық пешті жөндеу кезінде бастырылып қалған. Апаттың себебін арнайы комиссия келесі апта жариялайды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді