"Қант тапшылығы жоқ": Сауда министрі халықтың дүрлікпеуін сұрады
Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қант жекелеген дүкендерде уақытша болмауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сөздерді контекстен жұлып алып, елді дүрліктірудің қажеті жоқ. Мен өз блогымда "Шапағат" базарында қанттың болмауы туралы нақты сұраққа жауап бергенмін. Жеке дүкендерде, базарларда логистиканың өзгеруіне байланысты уақытша қант болмауы мүмкін. Қант өндірісінің, импортының және тұтынудың балансы бойынша бізде еш тапшылық жоқ", – деді Бақыт Сұлтанов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге, министр қанттың орташа бағасы 432 теңге деңгейінде екенін айтты.
- "Жалған ақпарат таратып отыр": Елорда тұрғынын министрдің қант бағасы туралы айтқан сөзі ашуландырды
Оның айтуынша, қант бағасының өзгеруінің негізгі себебі жеткізу логистикасына байланысты.
Айта кетсек, кеше Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев Қазақстанда қант тапшылығы жоқ екенін, қант қоры жеткілікті мөлшерде бар екенін хабарлаған еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған