AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сау-тамтығы қалмаған": Атырау облысында мектеп оқушысын үлкен сыныптың балалары аяусыз ұрып тастаған

Атырау облысында мектеп оқушысын жоғары сыныптың бірнеше баласы аяусыз ұрып тастаған. Сау-тамтығы қалмаған 15 жастағы бала  қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.  

Келеңсіздік облыс орталығынан 200 шақырым қашықтағы Исатай елдімекенінде болған. 

Бауыр еті баласының сау-тамтығы қалмаған денесін көрген анасы өзін қоярға жер табар емес. Жасөспірім "футбол ойнап  жүріп, құлап қалдым деп, болған жайтты анасынан алғашында жасырған. Анасы оның соққыға жығылғанын, аяғын баса алмай қалған кезде бір-ақ білген. Дереу полицияға шағымданып, оқушыны дәрігерлер бірден облыс орталығына алып кеткен. Ақ халаттылар науқастың ауруханаға түскендегі жағдайы ауыр болғанын айтады.  



“Қол – аяғын, кеудесін соққан. Денесінің барлығы ісік болды. Диагнозы оң жақ иықтың көптеген жұмсақ тіндерінің көгеруі, бел және жүрек қуысының жарақаты. Қазіргі жағдайы жақсаруда”, – дейді Атырау облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Гүлмира Мерғазиева.

Ұлының денсаулығына алаңдаған анасы, мектеп басшылығының бейқамдығына ашулы. Гүлзада Мұсағалиеваның айтуынша білім ошағы 9-сынып оқушыларының әлімжеттік жасап жүргенін біле тұра көз жұма қараған.

“Әлімжеттік қой. Жоғары сыныптың балалары соғып,  мына істі сен достарыңды сатпайсың деп өз достарына тептірген екен. Үстін шешіндерген. Көк ала қойдай болғанын көрсеткен. Балалардың жаза алуын, мектеп ұжымының да  осыған жеңіл-желпі қарағаны үшін жазалануын талап етемін”, – дейді Исатай ауылының тұрғыны Гүлзада Мұсағалиева.

Мектеп басшылығының айтуынша,  оқиға сабақтан тыс уақытта болған. 9-сынып оқушылары алдымен сыныптасының үйіне жиналыпты.  Соққыға жығылған 8-сынып оқушысы да көбіне осы балалармен бірге жүретін деді.

“Балалармен сөйлесіп жатырмыз. "Сөзіне  тұрмайды. Уәдесіне тұрмайды. Айтқан сөзінен тайқиды. Сол себепті ұрдық" дейді.  Менің қолымдағы мәлімет бойынша, 9 бала жаңағының ішінде болған. Бірақ үйіне кеткеннен кейін де ата-ана қарау керек қой”, – дейді Исатай орта мектебінің директоры Айгүл Әділова.

Қазір болған оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабымен іс қозғалды. Аудандық полиция бөлімі тергеуді бастап кетті.

“2007 жылы туылған жсөспірім оқушы баланың таяқ  жегені, соғылғаны туралы ата-анасы полицияға арызданған. Аталған фактіге күдікті ретінде сол мектептің 9 сынып оқитын екі оқушысы анықталды қазіргі таңда. Қылмыс бойынша ҚК 107 бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды”, – дейді Атырау облыстық полиция департаменнтінің баспасөз хатшысы Меейірім Ердәулет.

Полиция әзірге күдікті ретінде  екі оқушыны атап отыр. Ал қасында болған өзге жасөспірімдердің қылмысқа  қатысы бар-жоғын тергеу анықтайтын болады. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, ата-аналарына екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынбақ. Немесе үш жылға дейiнгi мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр