Павлодарда оқушының ата-анасы мұғалім төрт қойғаны үшін мектепті сотқа берген
Павлодарда мектеп оқушысының анасы баласның жылдық қорытындысы төрт болып қалғаны үшін сотқа жүгінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavon.kz порталына сілтеме жасап.

Фото: @pixabay
Сот баланың жағына шығып, бағалаудың даулы мәселе екенін және қайта қаралуы тиіс екенін мәлімдеді.
Оқушының анасының айтуынша, мектептегі мұғалімдер оқушының бағасын қайта қараудан бас тартқаннан кейін сотқа жүгінген. Сот процесі барысында жеткіншекке жарты жылдық бағасы негізсіз қойылғаны анықталған. Нәтижесінде бұл жылдық бағалауға әсер етіп, екеуі де төрт болып қалған.
Судья іске Білім және ғылым министрлігін де қатыстырған. Ведомство өкілі орташа арифметикалық мәнді ескере отырып, бағалауды қайта қарау керек екенін жеткізген.
Павлодар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының хабарлауынша, ақырында жанжал шешіліп, тараптар татуласқан. Мектеп комиссиясының отырысында даулы бағалау ісі қайта қаралады.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?