Нұр-Сұлтанда автобуста оқушы қыздың денесіне қол жүгірткен ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік ішінде оқушы қыздың денесіне қол жүгіртіп, сипалаған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Әлеуметтік желіде елордалық тұрғын өзінің кәмелеттік жасқа толмаған қызын автобуста әлдебір ер адамның қорлағаны туралы видеосы жарияланған болатын. Әйелдің айтуынша, автобустағы жолаушылар ер адамның әрекетіне мүлдем немқұрайлылық танытып, қызға көмектеспеген. Қатты қорыққан қыз анасының телефонына болған оқиға туралы жазған. Анасы дереу бейнеқоңырау шалып, ер адамға ескерту жасағанда ол дереу қашып кеткен.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 19 мамыр күні сағат 20.12-де Сарыарқа аудандық ішкі істер бөліміне қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған қызға тиіскен белгісіз ер адамға қатысты шара қолдану туралы арыз түскен.
"Қазіргі уақытта ол азамат ұсталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ПД өкілдері.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі далада қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?