AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлерінде қайырымдылық атын жамылып шоулар мен жеке кештер сатып алынған – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік

Қазақстан өңірлерінде қайырымдылық атын жамылып, концерттер, ойын-сауық шоулары мен жеке авторлық кештер сатып алынған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Бүгінде мемлекеттік сатып алулар кезінде бағаны негізсіз көтеріп қояды. Шенеуніктер ақшаны "запаспен" есептейді. Соның ішінде біреуге берілетін пара да, сапалы жұмыс жасауға қажетті қаражат та, тендердің орындайтын кәсіпкердің табысы да бар.

"Ал кейбір аймақтарда "әлеуметтік маңызы бар шаралар" деп көрсетеді де, шын мәнінде, ақшаны концерттер, көңіл көтеретін шоу мен жеке авторлық кештерге жұмсаған. Негізі, оны қайырымдылыққа жіберуге тиіс еді. Бір ғана облыста 1,7 миллиард теңгені солай жұмсалған", - дейді Сарқұлов.

Оның айтуынша, қазір мемлекеттік сатып алулар кезінде бағаны асыра көрсеткені үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылмаған. Осыған байланысты агенттік қаржы министрлігіне тиісті ұсыныс енгізді. Оған сәйкес, шенеуніктерді әкімшілік жазаға тарту көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, агенттік мамандары кейбір жабық сатып алуларды өткізу тәртібін өзгертуге мүдделі. Бүгінде ондай сатып алулар қағаз жүзінде атқарылады. Сол себепті қоғамдық бақылаудан тыс қалып жатады.

Оған көп жағдайда біреудің үлесі бар компаниялар қатысады. Бағаны көтеріп қояды да, қажеті жоқ жұмыстар мен қызметтерді сатып алады.

Осылайша, мемлекет қаржысы тиімсіз жұмсалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы нормаларды өзгертуді көздейді.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы орынбасары қазір мемлекеттік сатып алу бағасын көтергені үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілікке тартылуы көзделмегенін атап өтті.

Мәселенің шешімі ретінде агенттік қаржы министрлігіне осы мәселеге немқұрайлы қарайтын шенеуніктерді әкімшілік тәртіпте жазалауды ұсынды.

Сондай-ақ ведомство кейбір сатып алу рәсімдерінің жабықтығы мәселесін қайта қарауды көздеп отыр. Атап айтқанда, қазір тапсырыс беруші "ақпаратты шектеулі тарату" белгісімен сатып алуды жаба отырып, оны іс жүзінде сыбайлас жемқорлық өрісіне енгізеді. Мұндай сатып алу тек қағаз жүзінде жүзеге асырылады және олар іс жүзінде қоғамдық бақылаудан шығады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр