Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордадағы атыс: Үш адамды атып өлтірген күдіктілер ұсталды

7 мамырда Қызылорда қаласында атыс ұйымдастырған алты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Төрт күдіктіге қатысты іздеу жарияланды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

7 мамырда Қызылорда қаласында орын алған атыс қаруынан үш азаматтың қайтыс болу дерегіне байланысты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, алты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Төрт күдіктіге қатысты іздеу жарияланды.

“Оқиға болған жерді тексеру барысында және күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрілер, есірткі және жеті автокөлік айғақ зат ретінде алынып, тиісті сараптамалары тағайындалды”, – деді Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Полицияның хабарлауынша, жедел іздестіру шаралары нәтижесінде алты күдікті ұсталып, қамауға алынды. 

Барлық күдіктінің жеке басы анықталды. Полиция 8 қылмыстық іс қозғады. Соның ішінде адам өлтіру, бұзақылық, қару мен есірткінің заңсыз айналымы қатысты істер бар.

Қазіргі таңда, қылмыстық істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Талқылау