Анасын атып тастап, өзін зорлаған: Қазақстандық азамат Украинадағы жантүршігерлік оқиғаны баяндады
Тәртіп сақшылары мен құқық қорғаушылар Украина аумағында Ресей әскери күштерінен зорлық көргендердің оқиғаларын тіркеді. Олардың бірі Киев облысының Ворзел ауылында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі 24 каналға сілтеме жасап.
Бұл жайында оккупацияланған аумақтан адамдарды құтқарған Қазақстан азаматы Константин Кястутисович айтып берді.
Константин Кястутисович бір ай бойы адамдарды Ресей әскерлері басып алған Ворзелден құтқарған. Аудандардың бірінде Ресейдің әскері шоғырланған көрінеді. Онда басқыншылар қару жарақтарымен бірге өмір сүрген. Ол жерден талай рет көмек қолын созу туралы көптеген өтініштер келіп түскен. Әйтсе де, тұрғындарға эвакуациялауға рұқсат етілмепті.
Ер адам тұрғындарды яғни әйелдер, балалар, қарттарды тірі қалқан сияқты пайдаланғанын айтады. Халық тамақсыз өмір сүргендіктен азамат сол жердегілерге гуманитарлық көмек апаруға шешім қабылдайды.
“Мен келіп, багаждан азық-түлік өнімдерін шығара бастадым. Осы кезде бір қыз багажға кіріп кеткен екен. Мен оны көрмей қалыппын. Кетіп бара жатқанда ғана көлікте тығылып қалған қыз бар екенін көрдім. Көзінен "мені құтқаршы" дегенін түсіндім. Мен үлкен қорқынышты бастан өткердім. Өйткені мен бірдеңе дұрыс емес екенін түсіндім әрі оны іздеп қалады деп уайымдадым”, – деп еске алады ер адам.
Кястутисовичтің айтуынша, 15 жастағы қыз украиналық блокпостқа дейін жатып барған, тіпті басын көтермеген. Кейіннен ол зорланғанын және қорланғанын айтты. Оның көзінше 14 жастағы ұл баланы өлтіріп, анасын атып тастапты. Әйел екі күн бойы қансырап, ақыры көз жұмған. Қыздың өзі жертөледе он күн отырған.
“Қыз маған осы оқиғаны айтқан кезде, екі күн бойы ұйықтамадым. Келесі күні Ворзельге бармадым, көзімнен жас парлады. 21 ғасырда адамдар мұны жасай алады дегенге сене алмадым. Оны мазақ етіп, қорлағандар 20 жастағы орыс жігіттері еді. Олар ішкен, қызды зорлаған, кейін әрекеттерін телефонға түсірген. Олар іс жүзінде Украинаға деген жеккөрушілікті, осы 15 жасар қыз арқылы көрсетті”, - дейді ол.
Қазіргі уақытта қыз Латвияға жіберілген. Ол жерде оңалтудан өтіп жатыр.