Ресей азаматтары БҚО-ға ағылып жатыр: Әкімдік ақпаратты түсіндірді
Әлеуметтік желіде соңғы апталарда Оралға Ресейден көптеген адам шекара асып келгені туралы хабарлама тарады. Бұл ақпаратқа қатысты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Автор олардың қалада баспана жалдап тұратынын алға тартады, бірақ ресейліктердің Қазақстанда қандай мақсатпен келгені белгісіз. Хабарламадан туристердің мұндай ағыны Ресей мен Украина арасындағы қақтығыспен байланысты болуы мүмкін екені айтылған.
Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі де жоққа шығарды.
"Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысына Ресей Федерациясынан шекарадан өткен туристер ағыны байқалмайды. Барлық бақылау-өткізу пункттері тұрақты режимде жұмыс істейді. Шекарадан өтетін барлық адамдар шекара қызметінің толық бақылауында", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"