Алматылық үш тұрғын 250 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін қолдан жасап сатқан
Алматының үш тұрғыны жалған дәрі-дәрмекті айналымға жіберген. Олар антибиотиктер мен дәрумендерді штамптап шығарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҰҚТ мүшелерінің ізіне баспахана арқылы шыққан. Мұнда заңсыз дәрі-дәрмектерге арналған заттаңбалар дайындалған.
Таблеткаларды сақтауға арналған қойма да табылды. Осы препараттарды сатып, алаяқтар 250 миллион теңге таппақ болған. Бірақ олар ұсталып, бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Алматы қаласы бойынша ЭТД тергеу басқармасының басшысы Мұрат Оспанова іс-шара нәтижелері бойынша барлығы 60 мыңнан астам күмәнді дәрі-дәрмек тәркіленгенін айтады.
“Сот үкімімен үш айыпталушы ұйымдасқан қылмыстық топ құруға кінәлі деп танылды. Сондай-ақ жалған дәрілік заттар сату фактісі бойынша айыпталып отыр”, – деді ол.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек