Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі оқушы өлімі: Куратор мен баланың арасындағы әңгіме жарияланды
НеМолчиKZ қоры Алматыда 11 қабаттан секіріп кеткен Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысының кураторымен сөйлескен видео материалын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қордың мәліметінше, куратор мектепте баланы барлық сыныптастарының көзінше cөгеді.
“Біз видеоныжарияламадық, өйткені балалардың болашағы үшін қатты алаңдаймыз! Видео материалдарды ішкі істер министрлігіне беретін боламыз. Қылмыстық іс материалдар тізіміне қосып, педагогтардың іс-әрекеттеріне заңды негізде дұрыс шешім тапқанын қалаймыз! Сондай-ақ, Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысының айтқан жалған баспасөз хабарламаларына да құқықтық баға беруді талап етеміз! Бәрі басынан аяғына дейін тұтастай өтірік!”, – деп жазды қордың басшысы Дина Таңсәрі.
Оның ойынша, мектеп баланың белдемше кигенін, барлық оқиға мектеп қабырғасында болғаны туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат берген.
“Куратордың сыныптағы оқушылардың көзінше балаға тіл тигізіп, қорлайтын әңгіме айтқанын жоққа шығарды! Тіпті, бүгін мектеп балалар бірігіп, шындықты айтып тастайды деп қорыққандықтан сегізінші сынып оқушыларының сабағын тоқтатып тастаған”, – деді қор өкілі.
Әңгіменің стенограммасы:
Куратор – К
Бала – Б
“К тақтаның жанында, бала есіктің алдында партаға сүйеніп тұр. Белдемше киіп тұрған балаға қарап тұрып К:
- Гарри Поттердің түрі осындай ма?
Б: Гарри Поттерде көптеген әйел кейіпкерлер бар
К: Сен сонда әйел кейіпкерсің бе, сол үшін белдемше кидің бе?
К: Оны қайдан алдың?
Б: Сізге не ұнамай тұр?
К: Сенің белдемше киіп алғаның ұнамай тұр. Мұндай нәрсені мектептен тыс жерде кию керек, менің ойымша қысқа белдемшені НЗМ-інде кию дұрыс емес
Б: Бұл жерде нақты не дұрыс емес?
Жанындағы қыз да баланың сөзін құптап: Шынымен несі ұнамайды? Онда тұрған не бар?
Б: Тақырыпқа сәйкес келіп тұр ғой, біз басқасын таппадық
К: Жарайды, егер тақырыпқа сәйкес болса онда Гарри Поттер сияқты киініңдер немесе мектеп формасын киіңдер
К: Мектепке не істеу рұқсат етілген, сол бойынша әрекет етіңдер
Б қызбен бірге бірнәрсе айтуға тырысады, К олардың сөзін бөліп
К: Мектептің ережелері бар, орындайсыңдар ма?!
Б: Иә
К: Жоқ, сендер оны орындап жүрген жоқсыңдар! Дәл қазір сен бұны әдейі жасадың! Мектептің саясаты бар! Мен сендерге қазір жігіт пен қыз қандай форма кию керектігін көрсетемін!
Б: Бұл форма емес
М: Сендер мектепте жүрсіңдер!
Қыз: Біраз қазір бізде балл ғой
К: Жақсы, бірақ бұл жігіт белдемше кию керек дегенді білдірмейді!
Бұдан соң К Б-ға жақындап келіп, дауысын көтеріп іш киім киіп алдың делік, бірақ бұл дегенің бос уақытыңда іш киіммен ары-бері жүгіру дегенді білдірмейді.
Б К-ның сөзін тыңдағаннан кейін бетін қолымен жабады
К – бұл деген ішкөйлекті шешіп тастап, жүгіру дегенді білдірмейді.Бұл деген ыңғайлы киімді кию дегенді білдіреді!
Қыз – біз енді ыңғайлы киім киіп тұрмыз ғой
К – қазір адамдар келіп, шынымен де көптеген сұрақтар болады!
Бұл оқиғада балалардың мұғаліммен наразылығы орынды. Мұғалімдердің жасөспірімдердің жасы мен психологиялық қажеттіліктерін ескермеуі өте қорқынышты! Біздің пікіріміз бойынша, мектептегі жағдай оқушыны суицидке итермеледі!”, – деп жазды қор өкілдері.
Алматыда химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы 11 қабаттан секіріп кеткен болатын.
Мессенджерде тараған ақпаратқа сәйкес, сәрсенбіде оқушы Гарри Потер стилінде мектеп балына әзіл үшін белдемше киіп келген. Оған кураторы дауыс көтеріп, күштеп психологқа апарған. Бала психологпен әңгімеден кейін терезеден секіріп кеткен.
Назарбаев зияткерлік мектебінің әкімшілігі де оқушының суицид жасағанын растады. Алайда оқушы мен психологқа қатысты жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартқан.
Әлеуметтік желіде Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушы ұлдары мектепке белдемше киіп келген фотосуреттер тарады.