Грузияда көп қабатты үй құлады: Ер адам әйелінен, екі баласынан және ағасынан айырылды
Батуми тұрғындарының бірі тұрғын үйдің бір бөлігінің құлауы салдарынан ағасынан, әйелінен және екі баласынан айырылды. Бұл туралы қайғылы жағдайдың куәгерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олардың айтуынша, қайғылы оқиға болған кезде ер адам балалардың бірін мектепке алып кеткен. Пәтерде әйелі, екі баласы және шетелден қонақ болып келген ағасы қалған.
Құтқарушылар үйінділердің астынан бір және тоғыз жастағы балаларды тапты. Олардың анасы ауруханаға жіберілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Әйелдің сүйектері сынған, түнде төрт рет жүрегі тоқтады.
Қайғылы оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.
Еске салайық, 8 қазанда Батумиде тұрғын үйдің кіреберісі опырылды. Мэрияның мәліметінше, 12 пәтер қираған. Оның неден опырылғаны әзірге белгісіз.
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"
Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ажырасса, сот үкімі өзгере ме? Адвокат жауап берді
Түпкілікті шешімді кейінге қалдыру мерзімі аяқталған соң сот қабылдайды