AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көрші азаматтардың келмеуі себеп болды": Маңғыстау билігі неге мал қырылуының алдын алмағанын түсіндірді

Маңғыстау облысындағы шаруалар қырылған мал саны 5 мыңнан асатынын мәлімдеген болатын. Алайда өңір әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов өңірде қырылған мал саны оған жетпейтінін айтып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жыл басынан бері біз 45 биометриялық шұңқыр қазып, оған 1 163 мал өлексесін көмдік. Басқа дерек келтіре алмаймын. Кеше де 5 мың малдың қырылуы бойынша маған хабарласқандар болды", – деді әкімнің орынбасары брифинг кезінде.

Оның айтуынша, фермерлер де, әкімдік те бұл мәліметті растамай отыр.

"Әкімдіктер, ауылдар осы биометриялық шұңқырға 1 163 бас малды көмген болса, мұны қалай растаймыз? 5 мың бас мал туралы ақпарат қайдан шыққанын білмеймін. Әр ауылдың өз ветеринарлық станциясы бар", – деді Ғалымжан Ниязов.

Журналистердің билік неге малдың жаппай қырылуының алдын алмағаны туралы сұраққа шенеунік бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес екенін айтып жауап берді.



Ғалымжан Ниязовтың сөзінше, Маңғыстауда 2021 жылы қуаңшылық күшейетінін алдын ала болжау мүмкін болмағанға ұқсайды. Бірақ оның айтуынша, шөп аз шабылған.

“Былтыр шөп аз шабылды. Оған көрші елдерден пандемияға байланысты азаматтардың келмеуі себеп болды", – деді.

Ғалымжан Ниязов "көрші елдерден келетін азаматтардың кімдер" екенін нақтылаған жоқ. Былтыр, 2020 жылы коронавирус індетіне байланысты түрлі шектеу шараларынан кейін Қазақстанға көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан келетін еңбек мигранттары күрт азайғаны байқалған.

Айта кетсек, биыл ерте көктемде жауын-шашын түспеуіне байланысты Маңғыстау облысы мен Қазақстанның тағы да бірқатар өңірлерінде мамыр айынан бастап қуаңшылық күшейіп, жаппай мал қырылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр