Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрін сатып алатынын айтты": Нұр-Сұлтанда дос қызын ұрып-соғып, зорлағаны үшін азамат тек 5 жылға сотталды

Нұр-Сұлтанда бір жыл бұрын қыздың ескі досы оны аяусыз ұрып-соғып, зорлаған. Осы уақыт ішінде ер адам жәбірленушіні қорқытып, арызын қайта алуы үшін пара бермек болған. Тіпті тергеуге қысым жасайды. Ақыры әділеттілік орнап, күдікті 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

зорлау

Өткен жазда аруды оны ескі танысы зорлап, аяусыз ұрып тастаған. Ер адам есірткі тұтынып, мас күйі одан көмек сұрап келген. Бірақ кездесуде ол басқа адамға айналған. 

“Ол бәрін сатып алатынын, ешкімнен қорықпайтынын және менің ісім сотқа жетпейтінін айтты. Істі жабуым үшін маған миллион теңге ұсынды”, – дейді қыз. 

Шынымен де, іс қылмыс құрамы толық емес деп жабылып қалады. Сот талқылаулары бір жылдай уақытқа созылады. 

Бойжеткеннің адвокатының айтуынша, осы уақыт ішінде зорлаушы тергеуге де, жәбірленушінің өзіне де қысым жасаған. Маңызды дәлелдер жоғалып, сараптамалар жойылған. Бұнымен қоса тергеушілер де өзгерген. Сонымен қатар күдікті бірнеше рет осындай жағдайлар бойынша жауапқа тартылмақ болғаны анықталды. Бірақ әрқашан жазадан құтылып отырған. 

Енді ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылып отыр.

"Хабарлама жазып, қорқытқан, намысына тиіп, жала жауып, жәбірленушіге қатысты жалған мәлімет таратылды. Осындай әрекет тергеу басталғаннан бері болды. Үкімнің шыққаны бойжеткеннің көңілін жайландырды. Мұның мәні қылмыскерді ұзақ уақытқа темір торға қамауда емес, оның жазадан қашып құтыла алмағанында", – деді жәбірленушінің адвокаты Назар Әбинов.

Ол, сондай-ақ әділетке жәбірленушінің табандылығының арқасында қол жеткізгенін айтты. Себебі көп жағдайда әйелдер бұл туралы айтпайды немесе оқиғаны еске түсіргісі келмейді. Сотқа дейін мұндай істердің бір бөлігі ғана жетеді. Мысалы, бес жыл ішінде 19 мыңнан астам қазақстандық отбасында ұрып-соғу құрбаны болған. Ал ресми түрде осындай 6 қылмыс тіркелген. 



“Құқық қорғау органдары мұндай баптарға сәйкес келмейтін заңды қолдануға дағдыланған. Бұл отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң. Жәбірленушіні қорғамайтын, бірақ агрессорды қорғайтын заң. Бұл әйелдің еркіне қарсы екенін түсіну үшін соққыларды көру жеткілікті болды. Бірақ жәбірленушінің танысы болғандықтан, полиция " неге олай жасамасқа?" дейді. Кім жасағаны маңызды емес күйеуі, ағасы немесе басқа туысы. Бұл бәрібір қылмыс”, –дейді "НЕМОЛЧИ.KZ" қорнының жетекшісі Дина Смаилова. 

Жыл сайын 400-ге жуық әйел тирандар мен зорлаушылардың қолынан көз жұмады. Әрбір алтыншы отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алады. Онда негізінен әйелдер мен балалар құрбан болады.

Талқылау