AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 жасар қызын зорлап жүргенін біліп қойған: Ер адам жақын досын пышақтап тастады

Ресейдің Самара облысында ер адам досы деп жүрген адамның 9 жасар қызына жыныстық зорлық-зомбылық жасағанын біледі. Оны азамат телефоннан көріп қойған. Полицияға хабар бергенімен, күдікті ізін суытып үлгереді. Алайда 8 күннен кейін қыздың әкесі оны тауып алып, пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі MK.RU басылымына сілтеме жасап. 

2 қыркүйекте Красноглин ауданындағы ауылдың жанындағы орманда 32 жастағы жергілікті тұрғын Олег Свиридовтың денесі пышақ жарақатымен табылды. 

Ер адам жеткіншек қыздарға жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген болатын. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланған. Бірақ полицияға дейін оны жәбірленушінің әкесі Станислав (аты өзгертілген) тапқан. Қыздың әкесі мен Свиридов жақын достар болған көрінеді. 

Ауыл тұрғындарының айтуынша, 25 тамызда қыздың әкесі мен Олег үйлеріндегі заттарды жөндегеннен кейін ішімдік ішкен. Досы ұйықтап жатқанда, Станислав еш ойланбастан оның телефонын ақтарып көреді. Смартфонда олардың бірлескен, сондай-ақ отбасымен бірге түскен суреттері болады. Ер адам туыстарына жіберу үшін ең сәтті фотосуреттерді телефонына жүктегісі келген. Алайда суреттерді қарап отырып, 9 жасар қызының сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған видеосын көріп қояды. Зәбір көрсеткен өзінің досы Свиридов болып шығады. 

Станислав дереу полицияға жүгінеді. Тәртіп сақшылары Свиридовтың үйіне тұра жүгіргенімен, ол пәтерде жоқ болады. Тұтқындалудан қорыққан ол қашып үлгерген. Тергеу барысында ер адамның кішкентай қыздармен жыныстық қатынасқа түсіп, оны телефонға түсіру әрекеті бірінші рет болмағаны анықталды. 

Бұрын, 2016 жылы ол өзімен бірге тұратын әйелдің қызына да осындай жиіркенішті іс жасағаны анықталды. Свиридовқа қатысты қылмыстық кодекстің “14 жасқа толмаған жеткіншекке жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.



8 күн өткен соң 2 қыркүйекте, көрші Винтай ауылының жанында топырақпен беті жабылған Свиридовтың денесі табылды. Станислав Олегті тапқанын мойындады. Бұдан соң олардың арасында жанжал туындап, пышақ қолданылған. Тартыс кезінде Свиридовтың өзі пышаққа ілінген. Ақыры жарақат өлімге әкеліпті. Станислав өзі тәртіп сақшыларына күдіктінің денесін жасырған жерді көрсеткен. 

Прибрежный тұрғындары Станислав пен Олег Свиридовтың ажырамас дос болғанын айтады. Үнемі жиналып, тіпті мерекелерде бірге отырып ас ішкен. Свиридовтың балалары болмапты. 

“Олег ауылдағы барлық адамға жағымды болып көрінетін. Анасымен бірге тұратын. Қыдыратын, ішімдік ішетін, ара-тұра жұмыс жасайтын. Тыныш, жанжалға жоқ болатын”, – дейді жерлестерінің бірі Елизавета.

Свиридовты шамамен 15 жыл білетін Галинаның айтуынша, ол алты жыл бойы азаматтық некеде бір әйелмен бірге тұрған. 

“Бұл өте күрделі, мазасыз қарым-қатынас болды. Олег онымен үнемі ұрсысып, төбелесетін. Тұрақты жұмысы болмаған. Біз сияқты, ол да гаражда жұмыс істеді. Әрқашан әйелінің мойнына отырып алатын. 5-6 жыл бірге тұрып, ақыры ажырасты. Әйелдің бірінші некесінен қызы болған. Ал қазір Свиридовтың ол балаға да қорлық көрсеткені белгілі болды”, – дейді әйел. 

Бүлдіршіннің анасы жолдасының қызына осындай қылық істеп жүргенін білді ме?

“Ол бұл туралы ештеңе білмеді. Ол өте жақсы, қамқор ана болатын. Қазір шындық ашылған кезде оның қандай күйде екенін елестете алмаймын. Станиславтың қолына пышақ алғаны бекер емес қой. Свиридов олардың отбасының бір мүшесі болды. Оны ауылда үнемі қыздармен бірге көретінбіз. Станиславтың үлкен қызы және жанында бірге тұрған әйелдің қызы бәрі бірге жүретін. Балаларға бұндай иттік жасады деп ойламады”, – дейді Галина. 

Психологтардың айтуынша, жас балаларда психика әлі қалыптаспаған. Олар ересектердің іс-әрекеттерінен жыныстық субтекстті тани алмайды. Не болып жатқанын сипаттайтын сөздері жоқ. Зорлаушылар балаға бұл олардың ортақ құпиясы екенін айтып, сендіріп қояды. Айтайын десе, өздерін кінәлайды деп қорқады. Сондай-ақ зәбір көрсетушілер өзі мен ата-насына тиіседі деп үрейленеді. 

Әлеуметтік желілердегі парақшасында Олег Свиридов "мен ішпеймін, жаныма дезинфекция жасаймын” деген жазбалар қалдырған. Түрлі виртуалдық балгерлікке қатысқан. Ол жердегі болжам бойынша ер адам 40 жасқа келгенде 2029 жылдың сәуірінде мерт болуы тиіс еді. Алайда азамат 32 жасында көз жұмды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр