Алматыда шектеу шаралары 4 қыркүйекке дейін ұзартылады: Бекшин жағдайдың ауыр екенін мәлімдеді
Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленісті. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала әлі қызыл аймақта тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
“Ағымдағы жылдың 25 маусымынан бастап осы уақытқа дейін COVID-19 үнді штаммына байланысты эпидемияның төртінші толқыны болып жатыр. Эпидемияның бұл толқынының дамуының шыңы ағымдағы жылдың 12 тамызында болды, ал эпидемияның сол деңгейде (үстіртте) дамуы 29 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін жалғасуда”, – дейді Бекшин.
Бекшин жақдай пессемистік болжам бойынша дамып жатқанын айтты.
“Осы көрсеткіштерді ескере отырып, эпидемияның дамуы пессимистік болжам бойынша жүріп жатқанын мәлімдеймін. Өткен аптаға қарағанда "симптоматикалық" емделушілер үлесінің өсуі 94,2%-дан 94,7% -ға дейін жалғасуда, бұл дельта штаммының басымдылығын растайды. Коронавирустық инфекцияның шиеленіскен эпидемиологиялық жағдайына, дельта штаммының халық арасында қарқынды таралуына және клиникалық симптомдары бар науқастардың 94,5%-ға дейін ұлғаюына байланысты Алматыда шектеу шаралары демалыс күндері 4 қыркүйекке дейін ұзартылды”, – деп мәлімдеді Бекшин.