Павлодарда еріктілер ит пен мысықтарды аяусыз өлтіргендерді іздестіруде
Еріктілер Павлодар қаласының саяжайларында жан-жануарларды аяусыз өлтіргендерді іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Жануарлар құқығын қорғаушылардың айтуынша, иттер мен мысықтар ерекше қатыгездікпен өлтірілген.
"Біз қаламыздың азаматтарынан Южный бақшасының аумағындағы саяжайларда иттер мен мысықтарды құртатын және өлтіретін адамдар тобы туралы ақпарат беруін сұраймыз. Біз, сондай-ақ зардап шеккен иттер мен мысықтардың иелері болса, бізге жүгінулеріңізді өтінеміз”, –деп жазды "Добрые руки" қоғамдық қоры.
Жануарлар құқығын қорғаушылар айтқандай, кейбір павлодарлықтар үй жануарларын саяжайларына апарып тастап кетеді.
"Велосипедпен жүрген жасөспірімдер тобы жақын жерде ересектер жоқ екенін көргеннен кейін жануарларға тас атып, оларды таяқпен ұра бастаған", – дейді белсенділер.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда