Алматыда сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті
Алматыда ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімінің жауынгері әскерден қашып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаз 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің рұқсатынсыз кетіп қалған.
"9 тамыз күні кешкі сағат 21:30 шамасында 6654 әскери бөлімінен (Қаракемер) жауынгер Ердулет Сабыржанұлы рұқсатсыз шығып кеткен. Айта кетейік, қатардағы жауынгер 6655 әскери бөлімінен (Ақтөбе) оқуға келген. Ол 11 тамыз күні түнгі сағат 02:35-те "Алтын Орда" (Алматы) базарының маңында ұсталды", – деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
Хабарламада атап өтілгендей, сарбаздың өз бетінше әскери бөлімнен кетіп қалуы әскери қызметпен байланысты емес.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қызметтік тергеу жүріп жатыр.
Жамбыл облысында оқушының жүрегі тоқтап, жансақтау бөліміне түсті: Туыстары оның әлімжеттік құрбаны болғанын айтты
Жақындарының сөзінше, оны сыныптасы жоғары сынптың балаларының айтуымен ұрған
Наурыздағы кездейсоқ кадр: Қазақстандық апа италиялық Vogue журналына қалай шықты
Фотографтың айтуынша, 4 жыл бойы Vogue-ға өзінің жұмыстарын жіберіп келеді