"Ауаға бұрқыратып у шашты": Түркістан облыстық ішкі істер департаменті түсініктеме жасады
Түркістан облысы тұрғынының “ауаға бұрқыратып у шашты" деп түсірген видеосы әлеуметтік желі қолданушылары арасында таралып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына слітеме жасап.

Әлеуметтік желіде таралған видео тұрғындарды шошытты. Өз кезегінде бұл оқиға жайлы Түркістан облыстық ішкі істер департаменті пікір білдірді.
"22.07.21 әлеуметтік желіге таралған бұл бейнежазбаға сәйкес, Созақ АПБ қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Созақ аудандық СЭББ-ға қарасты автокөлік екені және Қырым-қанды безгегі бойынша залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатқаны анықталды. Сондай-ақ бейнежазбаны таратқан Созақ ауданының тұрғыны анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді", – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін осыған ұқсас жағдай Талдықорғанда орын алған еді.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"