Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Машиналар түнімен белгісіз қосындылар шашады": Талдықорған тұрғындарын желіде тараған видео шошытты

Жергілікті билік халықты дүрбелең туғызбауға шақырып, өздері жағдайдың мән-жайын анықтады.
Талдықорғандық азаматтарды әлеуметтік желіде тараған қалаға белгісіз химиялық зат шашатыны туралы ақпарат үрейлендірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Халық арасына тараған бейнежазбадан белгісіз көліктің химиялық қосындыны шашып жатқанын көруге болады. Кейбір қолданушылар түнде адамдарды улайды деген шешімге келген. Атаулы видео Қазнетте он мыңнан аса қаралым жинап, танымалдығы артқан. 

Осы уақытта Талдықорған қаласының әкімдігі халықты дүрлікпеуге шақырып, қажетті түсініктемені берген. Қала билігінің айтуынша, облыс орталығында жасыл желектер дезинфекциялануда екен. 

"Мазалатын ешнәрсе жоқ, халайық! Бұл ағаштарды зиянкестер мен аурулардан арнайы фунгицидтік ерітіндімен емдейтін коммуналдық қызметтер", – деген Талдықорған әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы постың астында түсінік қалдырды.

Әкімдікте дезинфекцияға арналған түнгі уақыт адамдардың жетіспеушілігі мен көлік құралдарының аз жүруін ескере отырып, арнайы таңдалғанын түсіндірді. 

Талқылау