Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Непал мен Тибетте жоғалған үш қазақстандықтың біреуі табылды

Непал қазақстандық
Фото: Niranjan Shrestha

Непал мен Тибеттегі табиғи апат аймағында хабар-ошарсыз кеткен үш қазақстандық әйелдің бірі аман-есен табылды. Ол қазір елде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелдегі табиғат апатынан кейін қазақстандықтың жағдайы туралы хабарлады. 

"Бұған дейін Қазақстаннан барған үш турист әйел хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында еді: екеуі Непалда, біреуі Тибетте. Непалда болуы мүмкін деген әйелдердің бірімен байланыс орнатылды. Ол табиғи апат аймағына бармаған. Қазір ол Қазақстанда", – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Қалған екі қазақстандық әйелдің қайда екені әзірге белгісіз. Оларды табу үшін туыстары қажетті рәсімдерден өтіп, ДНҚ сараптамасына биологиялық материал тапсырды.

Министрлік мәліметінше, қазақстандық дипломаттар хабар-ошарсыз кеткен әйелдердің отбасыларымен байланыста болып, қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Непалда 26 тамызда болған жойқын су тасқыны мен көшкін салдарынан жүздеген адам қаза тауып, жүздегені хабар-ошарсыз кеткен. Табиғи апат елдің солтүстігіндегі елді мекендерге, жолдар мен инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтірді. Құтқару жұмыстарына 13 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Апаттан кейін Непал мен Қытай шекарасында жүрген екі қазақстандық әйелден де хабар үзілген. Кейін тағы бір отандасымыздың жоғалғаны белгілі болды. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 08 Қазан, 2026 21:03