Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірі әйелі мен қызынан, екіншісі әйелі мен ұлынан айырылды: Алакөл маңында жантүршігерлік апат болды

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 18 шілде сағат 15:10 шамасында Үржар ауданы "Мақаншы-Жалаңашкөл" автотрассасының 128/22 шақырымында болған. Geely, Kia Sportage және Лада автөліктері соқтығысқан.

"Апат салдарынан Geely маркалы көлік жүргізушісінің 48 жастағы әйелі мен 13 жастағы ұлы, сондай-ақ "Лада 21154-30" маркалы автокөлік жүргізушісінің 47 жастағы әйелі мен 18 жастағы қызы оқиға орнында қайтыс болды. Екі көліктің жүргізушісі мен Geely автокөлігінің жолаушысы дене жарақатымен Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді", – делінген ақпаратта.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (көлікті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қазір оқиға орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.

Талқылау