Мамандар қандай ауырсыну кезінде жедел дәрігерге жүгіну керегін айтты
Кенеттен кеуде қуысында ауырсыну байқалса, бірден дәрігерге жүгіну керек. Бұл туралы "Доктор Петр" порталында Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, профессор Владимир Подхомутников айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “РИА Новостиге” сілтеме жасап.
Сарапшының айтуы бойынша, сол қолыңыз бен иығыңыздың тұсында қатты ауырсыну байқалып, суық тер шығатын болса, бұл миокард инфарктісінің белгісі.
Сонымен қатар маман іштің кенетен ауруы да өте қауіпті екенін айтты.
"Бұл әртүрлі қауіпті жағдайлардың белгісі болуы мүмкін: аппендицит, жедел панкреатит немесе холецистит, асқазан жарасы", – деді ол.
Профессор балаларда іштің ауыруы стенокардияның дамуын көрсетуі мүмкін екенін, сондықтан хирургпен кеңескен дұрыс екенін жеткізді. Сонымен бірге маман "өткір іш ауруы" кезінде бірден жедел жәрдем шақыру қажеттілігін түсіндірді.
Диетолог ыстық күнде қандай тағамдарды тұтыну қауіпті екенін атады
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді