Ер адам көз жұмғаннан кейін бес жыл өткен соң әке атанды
Америкалық келіншек бес жыл бұрын қайтыс болған күйеуінен жүкті болып, бала сүйді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кимберли Холмс-Айверсонның күйеуі бірнеше жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған. Сүйіктісінен айырылған келіншек, бірден достарынан кеңес сұрап, қайтыс болған адамнан да биоматериал алуға болатынын білген.
Дәрігерлер Кимберлидің күйеуінің ұрығын алып, оны қатырып қойған.
Кимберли күйеуі екеуі балалы болуды ұзақ уақыттан бері армандап жүргенін, бірақ жүкті бола алмағанын айтады.
Бес жылдан кейін келіншек өзінің жаңа сүйіктісіне марқұм күйеуінің ұрығын салдырып, ана атанғысы келетіні туралы айтқан. Кимберлидің жаңа сүйіктісі оның бұл ұсынысын қолдаған. Осылайша келіншек марқұм күйеуінің ұрығын салдырып, жүкті болған.
2021 жылы мамырда ерлі-зайыптылардың Киран атты қыздары дүниеге келді.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады