Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлі-зайыптылар бір жылдың ішінде 20 сәбидің ата-анасы атанды

Ерлі-зайыптылар бір жыл ішінде суррогат ананың көмегімен 20 баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей тумасы 23 жастағы Кристина Өзтүрік өзінің 57 жастағы миллионер күйеуі Галип Өзтүрікпен Грузияға сапары кезінде кездескен. Кәсіпкер өзінің туған елі Түркияда өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімінен кейін Грузияға көшіп келген.

Ерлі-зайыптылар үлкен отбасы туралы армандаған, сөйтіп суррогат ананың көмегіне жүгінуге шешім қабылдаған. Осылайша, 2020 жылы Кристина мен Галиптің Мұстафа есімді ұлы дүниге келді. Айта кетейік, Кристинаның алты жасар қызы өсіп келе жатыр. Ал Галиптің Түркияда қалған бірінші әйелі Хюля Өзтүріктен тоғыз баласы бар.

Мұстафа дүниеге келгеннен кейін, Кристина мен Галип балалары көп болғанын қалайтынын түсінген. Кәсіпкер суррогат аналарға 138 мың фунт стерлинг (83 млн астам теңге) төледі. Олардың отбасы 20 баламен толықты. Бүлдіршіндердің жас аралығы – 4 айдан 14 айға дейін.

Ауқатты ерлі-зайыптылардың 16 бала күтушісі бар. Оларға жыл сайын 67,7 мың фунт стерлинг (40 млн астам теңге) төлейді.

Кристина басылымға берген сұхбатында уақыттының бәрін балалармен өткізетінін және "аналар әдетте жасайтын барлық нәрсені" жасайтынын айтты. Өзінің күнделікті өмірі туралы айта отырып, әйел жалықпайтынын, үнемі балалардың жанында болатынын атап өтті. Кристина ұйқысының қанбайтынын айтты, бірақ бұл оған проблема емес, өйткені қандай қадамға бара жатқанын білген.

Әйел болашақта тағы да балалары болғанын қалайды. Бірақ келесіде суррогант ананың көмегімен емес, өзі табиға жолмен босануды қалайды.

"Мен жүктілікті жоспарлап отырмын, бірақ жақын арада емес, өйткені қазір мен балаларымның жанында болуым керек. Жүкті кезде 21 кішкентай балаға ана болу қиын ", – деді Кристина.

Талқылау