Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шин-Лайн" компаниясы Алматы-Жетіген жолындағы 200-ге жуық ағашты кесіп тастаған: Белсенділер наразылық білдірді

Әлеуметтік желіде Салтанат Тәшімова есімді белсенділердің бірі “Шин-Лайн Қазақстан” компаниясының 150-200-ге тарта ағашты шауып тастағаны туралы жазба қалдырып, бұл мәселені түсіндіруді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Сіздердің ағашты кесуге рұқсаттарыңыз қайда? 150-200 ағашқа қатысты лесопатологиялық экспертизаның нәтижесін көрсетіңіздер. Сіздер шындыққа жанаспайтын ақпарат ұсынып жатырсыздар”, – деп жазды Тәшімова. 

"Шин-Лайн" компаниясы Алматы-Жетіген тас жолы бойындағы қоғамдық аумақта ағаштарды рұқсатсыз кесуге қатысты айыптаулар негізсіз және нақты тапсырыстық сипатқа ие екенін айтып түсініктеме берді. 

“Осы мәселеге қатысты ескі ағаштарды ауыстыру "Шин-Лайн" компаниясының объектілері, оның өндірістік цехтары, қойма үй-жайлары мен әкімшілік үй-жайлары меншік құқығында орналасқан жол бойындағы қоғамдық аумақ учаскесін және өнеркәсіптік аймақты абаттандыру жөніндегі жобаның бір бөлігі болып табылатынын хабарлаймыз. Жоба Алматы облысының және Іле ауданының әкімдіктерімен бірлесіп іске асырылады және барлық қажетті рұқсат құжаттары бар”, – деп хабарлайды компания өкілдері. 



Компания азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорынның ауқымды құрылысын жүргізу аясында "Шин-Лайн" компаниясы республикада алғашқылардың бірі болып бүкіл іргелес ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында абаттандыруды бастағанын айтады. 

“Компания жаңа өндірістік кешеннің іргелес аумағын дамыту өзінің әлеуметтік миссиясы деп көреді және қазіргі уақытта оны абаттандырумен, оның ішінде көгалдандырумен белсенді айналысады, бұл туралы бұрын компанияның ресми ресурстарында айтылған.

Серуендеу аллеясының іргетасын дайындау басталды, оның бойында күзде 200-ден астам ағаштар отырғызылады, 1000 метрден астам брусчаткалы тротуарлар салынады, орындықтар, гүлзарлар мен кішігірім архитектуралық нысандар – ертегі кейіпкерлері мен балмұздақтың формасындағы қондырғылар орналастырылады, дәретхана, жарықтандырғышы бар заманауи жабдықталған екі аялдама кешені және балмұздақ киоскілері, балмұздақ фабрикасына экскурсияға келген балаларға арналған ойын алаңдары салынады”, – деп түсіндірді компания өкілдері. 

Талқылау