Павлодар облысында жасөспірім құлаған ағаштың астында қалып мерт болды
Павлодар облысында жасөспірімнің үстіне ағаш құлап кеткен. Оқыс оқиға салдарынан жеткіншек мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Павлодар онлайн" порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық ТЖД мәлім етті.
Оқиға 1 маусым күні Баянауыл ауданында ұл бала тұратын жеке үйлердің ауласында орын алған.
"Қатты соққан желдің кесірінен қурап тұрған ағаш 16 жастағы жасөспірімнің үстіне құлап кеткен. Дене жарақаттары ауыр болғандықтан бозбала ауруханада көз жұмды", - деді ТЖ департаментінің орынбасары Самат Асайынов.
Айта кетерлік жайт, 1 маусым күні Павлодар облысының кей аймағында жылдамдығы 22 м/с болатын қатты жел соққан. Сол себепті Павлодарда, Ақсу және Железинск аудандарында кейбір ғимараттардың шатыры ұшып кетіпті. Бірнеше жерлерде теректер де құлапты.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"